2024 жылғы 18 шілдеде Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы- Балгия Акишова "Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы" РММ қызметкерлерімен АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өткізді.
Спикер облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайды атап өтіп, сондай-ақ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері АИТВ-инфекциясының берілу жолдарымен және алдын алу шараларымен танысты.
Сонымен қатар, дәріскер стигма мен кемсітушілікке жол бермеуге және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыруға ерекше назар аудартты.