Жыл сайын Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін облыстың медициналық ұйымдарына барады.
2024 жылғы 28 мамырда Көкшетау қалалық емханасында медицина қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Оқытуды өткізудің негізгі мақсаты - медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы бойынша білім деңгейін арттыру.
Семинарда кәсіби және ауруханаішілік инфекцияның алдын алу, АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың аналитикалық кезеңіне қойылатын талаптар, АИТВ-ға жедел тестілеуді қою және нәтижелерді түсіндіру мәселелері талқыланды.
Бірінші блок бойынша дәрігер-эпидемиолог Гүлмира Сиражиденова сөз сөйледі, ол АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұмыс орындарындағы авариялық жағдайлар кезінде мамандардың іс-қимыл алгоритмі, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тестілеуге мониторинг ұйымдастыру туралы айтты.
Екінші блок бойынша дәрігер-зертханашы Людмила Маслова АИТВ-инфекциясына тексеру жүргізудің маңыздылығы, диагностиканың аналитикаға дейінгі кезеңіне қойылатын талаптар, экспресс-тесттер қою техникасы және орталықтың клиникалық зертханасына тексеруге биологиялық материалды жеткізу кезіндегі проблемалық аспектілер туралы ақпаратпен бөлісті.
Айта кету керек, оқу басталар алдында медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша тестілеуден өтті.