АИТВ туралы қол жетімді және сенімді ақпарат ақпараттандырылған және толерантты қоғам құру үшін өте маңызды.
2024 жылдың 17 мамырында облыстың емдеу-алдын алу мекемелерінің СӨС мамандарымен онлайн-семинар өтті.
"Түрлі аурулардың алдын алумен айналысатын мамандармен мұндай кездесу кездейсоқ таңдалмады, өйткені олар емхананың немесе өзге де емдеу-профилактикалық мекеменің бекітілген тұрғындары арасында салауатты өмір салтының құндылықтарын насихаттайды", - деп пікірімен бөлісті кездесу спикері, орталықтың баспасөз хатшысы - Нурлыбек Конуспаев.
Семинарда қатысушылар өз білімдерін жаңартып, медициналық ұйымдар жағдайында АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін тиімді пайдалануға болатын құралдарды талдады.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде осы іс-шараға арналған ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі.