Көкшетауда Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу акциясы өтті.
2024 жылғы 14-ші мамырда "РИО" СОО-да Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қонақтармен және қала тұрғындарымен ақпараттық әңгімелер өткізді, ал сауда үйінің жанында жедел тестілеудің мобильді пункті ашылып, онда әрбір адам өзінің АИТВ мәртебесін біле алды.
Акцияға 60-тан астам адам қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 13-17 мамыр аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орайластырылған түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып, оның ішінде орталық дәрігерлерінің жергілікті теледидарда сөйлеген сөздері және жергілікті жерде өзінің АИТВ мәртебесін білу мүмкіндігімен ақпараттық акциялар өткізу еді.