«    Декабрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 96 %-ы ем қабылдайды

13.05.2024

2024 жылғы 13 мамырда Көкшетау қаласында Ақмола облысының Өңірлік коммуникация қызметі базасында баспасөз конференциясы өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылыққа арналған іс-шара мамырдың әр үшінші жексенбісінде өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналды.

Бұл күннің мақсаты - АИТВ-инфекциясы өмірін қиған адамдарды құрметтеу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, сондай-ақ осы инфекциямен байланысты стереотиптерді жою және хабардар ету болып табылады.

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері- Курманбек Бурмагановтың айтуынша, АИТВ-инфекциясы бар адам анықталған жағдайда оған бірден антиретровирустық терапия тағайындалып, оны мемлекет тегін қамтамасыз етеді.

Өз сөзін жалғастыра отырып, спикер антиретровирустық терапияның пайда болуы медицинадағы үлкен жетістік және осы инфекциямен өмір сүретін адамдардың өміріндегі өмірді және оның ұзақтығын сапалы жақсартуға бағытталған маңызды өзгеріс екенін түсіндірді.

Айта кетейік, Ақмола облысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 96 % - ы ем қабылдайды.

Бас дәрігердің айтуынша, АРТ-терапияны қабылдау және анықталмайтын вирустық жүктемеге қол жеткізу арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар АИТВ-сыз сияқты да, толық және қарқынды өмір сүре алады: отбасын құру, дені сау балалар туу, сүйікті ісімен айналысу, мансап құру, қартаю және зейнетке шығу дегендей.

Келесі спикер-орталықтың алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Балгын Сарбасова, Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай және осы күнге арналған іс-шаралар туралы айтып берді.

Медицина қызметкері 2024 жылдың алғашқы төрт айында 48 адам анықталғанын атап өтті. Инфекцияның негізгі берілу жолы - жыныстық қатынас екен. Сонымен, орта есеппен он адамның тоғызы қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы жұқтырған. Жас құрамы бойынша 30-49 жас тобы басым.

 

13-17 мамыр аралығында облыста жергілікті жерде өзінің АИТВ мәртебесін білу мүмкіндігімен ақпараттық акциялар өткізу, орталық докторларының жергілікті теледидарда сөйлеуі, бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді жандандыру, халықтың назарын қауіпсіз жыныстық мінез-құлық мәселелеріне тарту, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікті болдырмайтын қоғам қалыптастыру жоспарлануда.