«    Февраль 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-мен сырқаттанушылық екі есеге жуық азайды

21.11.2023

Өңірде инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-мен сырқаттанушылық екі есеге азайды, бұл туралы Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының медицина қызметкерлері өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Айта кету керек, медицина қызметкерлерінің сөз сөйлеуі жыл сайынғы бірінші желтоқсанда өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналды.

Бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, инфекция қаупі жоғары қауымдастықтар,   денсаулық сақтау мамандары және азаматтық белсенділер үшін өте маңызды және көңіл аударарлық күн. ЮНЭЙДС ұсынған биылғы ұран "Көшбасшылық- қауымдастықтарға" бекер емес.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, егер күресті қауымдастықтар басқарса, әлем ЖИТС-ты жоя алады. Сондықтан қауымдастықтарды дамытуға және оларға АИТВ-инфекциясы бойынша профилактикалық бағдарламаларды әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу құқығын беруге ерекше назар аудару қажет.

Айта кету керек, Ақмола облысында қауымдастықтар немесе халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған "Зиянды азайту" бағдарламасы белсенді жұмыс істейді.

2023 жылдың он айында алдын алу бағдарламамен 950-ден астам адам қамтылды. Орталықтың медицина қызметкерлерінің қауымдастықтар қатарындағы еріктілермен және аутрич қызметкерлер деп аталатын алдын алу бағдарламаның клиенттерінің ортасына қол жеткізе алатын тұлғалармен үйлесімді жұмысының арқасында инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында сырқаттанушылықтың екі есеге жуық төмендеуіне қол жеткізілді. Егер 2020 жылы есірткіні инъекциялық тұтыну жаңадан анықталған жағдайлардың 33% құраса, 2021 жылы - 26 %, 2022 жылы - 18% құрады.

"Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу ісіндегі медицина қызметкерлері мен аутрич қызметкерлердің мұндай симбиозы біздің облыстағы эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді", - дейді орталықтың бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов.

Айтпақшы, медициналық ұйымның бас дәрігері алдын алу бағдарламаның жұмысына байланысты кейбір мифтерді жоққа шығарды.

Оның айтуынша, бір қарағанда, бұл жол қауіпті инъекцияға және жыныстық мінез-құлыққа ынталандыратын сияқты көрінуі мүмкін. Дегенмен, біздің алдын алу жұмысымыз, ең алдымен, АИТВ-инфекциясының, вирустық гепатиттің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қаупі туралы ақпарат арқылы бағдарлама клиенттерін қауіпті жыныстық және инъекциялық әрекеттерден бас тартуға ынталандыруға негізделген. Бірақ егер зиянды азайтуға қатысушы есірткіні тұтынуды тоқтатуға дайын болмаса, біз оны айыптамаймыз, керісінше мынадай: кәдеге жарату үшін пайдаланылған шприцтерді, мүшеқаптар мен майлағыштарды, ақпараттық бүктемелерді тарату, сондай-ақ АИТВ, вирустық гепатиттер мен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тестілеу сияқты зиянды азайту қызметтерін ұсына отырып, бағдарламаның клиентімен сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысамыз.

"Ақмола облысында АИТВ-инфекциясының алдын алуы екі бағытта жүргізіледі - бұл инфекция қаупі және бүкіл халық пен негізгі топтардың алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру", - деді алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Балгын Сарбасова.

Спикер атап өткендей, халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу баннерлерді орналастыруды, қоғамдық орындарда бейнероликтер мен аудиороликтерді ротациялауды, сондай-ақ жедел тестілеумен ақпараттық акциялар өткізуді қамтитын әлеуметтік жарнаманы кеңінен пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Дәрігердің айтуынша, әсіресе көкшетаулықтарға біз адамдар көп жиналатын жерлерде өткізетін ақпараттық акциялар ұнады. Бұл іс-шаралардың ерекшелігі-пайдалы ақпараттан басқа, әркім АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, акция өтетін жерде өзінің мәртебесін біле алады.

Қорытындылай келе, орталықтың медицина қызметкерлері барлық адамдарды қарапайым алдын алу шараларды сақтауға, қауіпсіз жыныстық және инъекциялық мінез-құлықты ұстануға шақырды. Ерте жыныстық қатынасқа түспеу, бір жыныстық серіктестің болуына, жыныстық қатынастың кез-келген түрі үшін әрқашан мүшеқапты қолдануды айтты. Және, әрине, АИТВ жұқтырған адамдарға түсіністікпен және қолдаумен қарау керектігін ұғындырды.