«    Февраль 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

24.10.2023

Ұлттық мереке қарсаңында орталықта салтанатты іс-шара өтті.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат еліміздің тәуелсіздігін жариялап, мемлекеттің саяси-құқықтық негіздерін жариялады.

Айта кету керек, 2009 жылдан бастап 2021 жылға дейін мереке тойланбаған, бірақ 2022 жылы оған ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Орталықта Республика күні ерекше жылулықпен,  маңызды және айтулы күнге қатысқаны үшін мақтаныш сезімімен қарсы алынды. Өйткені, әрбір медицина қызметкері - денсаулықты сақтайтын және өз іс-әрекеттерімен ұлт денсаулығын нығайтуға және сақтауға үлес қосатын кәсіби маман.

Дәстүр бойынша іс-шара мемлекеттік әнұранмен басталып, орталықтың бас дәрігері мен ұжымның құттықтауымен жалғасты.

Сонымен қатар, мерекеде өлеңдер мен әндер айтылып, медицина қызметкерлеріне марапаттар табысталды. Олардың ішінде: Орталықтың диагностикалық зертханасының меңгерушісі- Гүлнара Шешмуканова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, ал Степногорск қаласындағы диагностикалық зертхана бөлімшесінің зертханашысы- Гүлчира Николаева "Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Әріптестерімізді мерекемен және лайықты марапаттармен құттықтаймыз!