«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Облыстың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

23.06.2023

Облыстың медицина қызметкерлерін "Көкшетау" мәдениет сарайында кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Облыс әкімі- Ермек Маржықпаев, дәрігерлерді құттықтап, марапаттарын табыстады. Біздің орталықтың дәрігерлері жоғары жетістіктері мен денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін төсбелгілермен марапатталғаны қуантады.

Орталық бас дәрігерінің орынбасары- Сауле Жаканова, "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісіне, ал ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі- Сабира Ашимова, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісіне ие болды.

Осы күні өңірдің медицина қызметкерлерін құттықтағандардың арасында Атбасар қаласынан келген үш жасар қыз Әлия болды. Ол анасымен бірге блог жүргізіп, дәрігер болуды армандайды екен. Жас ақмолалық шын жүректен құттықтау,  ешкімді бей-жай қалдырмады және залдың қошеметіне бөленді.

Салтанатты шара түрлі-түсті концерттік бағдарламамен аяқталды.

Орталықтың ұжымы әріптестерін лайықты наградаларымен құттықтап,  мықты денсаулық пен жаңа кәсіби биіктерге жетуді тілейді.