1948 жылдың жетінші сәуірінен бастап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған күні Дүниежүзілік денсаулық күні (World Health Day) атап өтіледі. Биылғы Ұран "Баршаңызға денсаулық" деп аталады.
Қазақстан ДДҰ-мен 1994 жылдан бастап, Алматыда елдік кеңсе ашылған кезден бастап ынтымақтасады. Қазір ұйым құрамында 194 мемлекет бар.
ДДҰ ресми сайты хабарлағандай, жетпіс бес жылдық мерейтой - бұл соңғы жеті онжылдықта адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берген денсаулық сақтау саласындағы өткен жетістіктерді еске түсіруге себеп. Бұл сондай-ақ бүгінгі және ертеңгі күннің өзекті денсаулық мәселелерін шешу жөніндегі іс-қимылдарға ынталандыру мүмкіндігі.
Айта кетейік, еліміз қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға өз үлесін қосты. Мәселен, 1978 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Алма-Ата декларациясына қол қойылып, ол ХХ ғасырдың ірі оқиғасы болды және АМСК-ны "Баршаңызға денсаулық" мақсатына қол жеткізудің негізі ретінде айқындады. Бұдан бес жыл бұрын, 2018 жылы Астана декларациясына қол қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық күні - бұл адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау үшін бірлескен іс-шаралар өткізу мақсатында, біздің планетамыздың әрбір тұрғынының назарын денсаулық сақтау мен денсаулық мәселелеріне аударуға бағытталған жаһандық науқан болып табылады.