27 мамыр 2016 жылы Ақмола облысында техникалық және кәсіби білім ұйымдары үшін облыстық семинар-мәжіліс болып, оған білім басқармасының, Мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі департаменттің, Көкшетау қаласы ювеналдық полицияның, ЖИТС ОО-ң, жастар саясаты жөніндегі басқарманың, СӨСҚО-ң өкілдері, колледждер директорларының орынбасарлары, әдіскерлер, әлеуметтік педагогтар қатысты.
Студенттер сауалнамасының нәтижелері және ТжКБ ұйымдарында АИТВ-жұқпасының алдын алу рөлі туралы Ақмола ЖИТС ОО-ң педагогы Сулейменова А.С. айтып берді. Мәжіліс соңында барлық қатысушыларға ақпараттық-білімдендіру материалы таратылды.