2022 жылғы 28 наурызда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен онлайн-режимде ведомствоаралық кеңес ұйымдастырып, өткізді, оған арнайы контингенті бекітілген түзеу мекемелері мен медициналық ұйымдардың медициналық қызметінің өкілдері қатысты.
ҚАЖК медициналық қызметін азаматтық денсаулық сақтауға беру шеңберіндегі кеңестің негізгі мәселелері - АИТВ-инфекциясының болуына тестілеумен қамтудың толықтығын қамсыздандыру, статистикалық деректермен алмасу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру болды.