2023 жылғы 28 ақпанда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары "Авиценна Бурабай" ЖШС медицина қызметкерлерімен семинар-тренинг ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара спикері, дәрігер зертханашы Мирамкуль Ташметова АИТВ-инфекциясын диагностикалаудағы рөлі, АИТВ-ға жедел тестілеу нәтижелерін жүргізу және түсіндіру техникасы туралы айтып берді. Тренинг барысында емхана мен стационар бөлімшелерінің медицина қызметкерлері зерттеу нәтижелерін қою мен түсіндірудің практикалық дағдыларын пысықтады.
Сонымен қатар, дәрігер ПТР әдісімен АИТВ-ның провирустық ДНҚ-сын анықтау үшін капиллярлық қанның құрғақ тамшысын алу алгоритмі, сондай-ақ оны сақтау және тасымалдау ережелері туралы ақпарат берді.