2022 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласында ЮНЭЙДС алаңында ЖИТС, туберкулез және безгекпен күреске арналған Жаһандық қор грантының іс-шараларын іске асыру шеңберінде "АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупінің факторлары, Қазақстандағы трансгендерлер үшін алдын алу және емдеу қызметтеріне қолжетімділік" зерттеу презентациясы өтті, деп хабарлайды Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы.
Бұл "ALMA-TQ" трансгендерлік бастамасы жүргізген АИТВ және ЖЖБИ алдын алу және емдеу қызметтеріне қол жеткізу бойынша трансгендерлер тобы арасында жүргізілген елдегі алғашқы ауқымды зерттеу.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары осы зерттеудің презентациясына онлайн режимде қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сауалнамаға және сұхбаттасуға трансгендерлер қатысты, соның ішінде: АИТВ-мен өмір сүретін трансгендерлер, трансгендерлік жастар, трансгендерлермен жыныстық қатынасқа түсетін трансмаскулиндер, трансгендерлік секс қызметкерлер, сондай-ақ еліміздің 15 облысы мен қалаларынан ЖИТС орталықтары мен достық кабинеттерінің қызметкерлері.
Зерттеуге қатысушылар трансгендерлердің АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупі туралы түсінігі жоқ екенін, АИТВ-инфекциясының таралу, көріну және емдеу жолдары туралы ақпаратқа ие емес екенін атап өтті.
Зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес секторларға, соның ішінде құқық қорғаушыларға да, қоғамдастықтың өзіне де ұсыныстар жасалды.
Зерттеу нәтижелерімен толығырақ мына жерден танысуға болады https:www.alma-tq.org/hiv-and-transgender-people-in-kazakhstan-research