Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында салтанатты жиналыс өтті.
Орталықтың әріптестерін мерекемен ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Сабира Ашимова құттықтап, денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби өсуді тіледі.
"Біздің пациенттер мен облыс тұрғындарын сауықтыру жолындағы адал еңбегіміз-Қазақстанның Тәуелсіздігіне күнделікті үлес", - деп түйіндеді спикер.
Іс-шара кәсіподақ комитетінің төрағасы Асель Балтабаеваның құттықтауымен және Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы шағын бейнефильммен жалғасты.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №1008-XII қаулысымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданды.