Жыл сайын 1 желтоқсан бүкіл әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні ретінде атап өтіледі.
БҰҰ-ның бұл халықаралық күнін 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялады және 1996 жылдан бастап ЮНЭЙДС қамқорлығымен өткізіліп келеді.
2022 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің тақырыбы "Теңдік уақыты!", оның мәні заңдарды реформалау, заманауи техникалық құралдар мен жұмыс әдістерін пайдалану, олар тап болатын теңсіздіктің нақты көріністерін шешуде қауымдастықтарды жандандыру арқылы әрбір адам үшін АИТВ-инфекциясын тестілеу, алдын алу және емдеу қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.
"Бұл ұран барлығымызды теңсіздік көріністеріне қатысты жұмысты жандандыруға, диагностиканы, емдеуді жақсартуға, АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға емдеуге, диагностикалауға және алдын алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жүйелі кемсітушілікпен күресуге, ғылым мен техниканың барлық жаңа жетістіктерін пайдалануға шақырады", - деп бөлісті орталықтың бас дәрігері Курманбек Бурмаганов.
Естеріңізге сала кетейік, екінші желтоқсан күні сағат 15:30-да "Көкшетау" МС-де Ақмола облыстық ЖИТС -пен күрес және алдын алу орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған қорытынды акциясын өткізеді. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын ашық, әлеуметтік және кемсітілмейтін қоғамның бастамаларына ынтымақ пен қолдау көрсете отырып, акциямызға қатысуға шақырамыз.