2022 жылдың 25 қарашасында Ақмола облысының мектеп оқушылары арасында "Қымбат маған өмірім!" тақырыбында облыстық вайн-бейнероликтер байқауының комиссия құрамында қорытындыларды шығаруға, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманы- Ж.Шарипова қатысты.
Байқауды орталығымыз Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау бойынша ұйымдастырды.
Облыстың қалалық, аудандық және ауылдық мектептерінің 40-тан астам байқаулық жұмыстары қазылар алқасының пікірлеріне ұсынылды. Бағалаудың негізгі критерийлері ақпараттандыру, шығармашылық, мазмұндылық, шығармашылық тәсілі болды.
Қазылар алқасының пікірінше, Бурабай ауданының Щучинск қаласынан Рауан Алтынбеков және Ақылбай ауылынан Аймира Тулегенова, Атбасар қаласынан Айгуль Каиржан және Біржан сал ауданы Заураловка селосынан Антон Марков екінші орынды алды, ал үшінші орынды Жақсы ауданы Кировск селосынан Лаура Сулеймен және Көкшетау қаласынан Диас Тажиденов иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың басшылары Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталады, ал қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табыс етіледі.