Көкшетау қаласының орталық қалалық саябағында АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша кезекті акциясы өтті.
2022 жылдың бесінші қазанында саябақта мобильді жедел тестілеу және кеңес беру пункті ашылды, онда әркім өзінің АИТВ-мәртебесін біліп, мамандардан кеңес ала алады.
Айта кетейік, бұл күні 150-ден астам ақмолалықтар мамандардан кеңес алып, өздерінің АИТВ-мәртебесін білді.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының баспасөз хатшысы Нурлыбек Конуспаевтың пікірінше, біздің мақсатымыз осындай іс-шараларда мүмкіндігінше көп адамды сынап қана қоймай, АИТВ-инфекциясы, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық тәжірибелері және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік қарым-қатынастың маңыздылығы туралы ақпаратты халыққа жеткізу болып табылады.