Диалог форматында Ақмола облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (МКҚБ) жеке құрамы арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті.
2022 жылдың төртінші қазанында алдын алу жұмысы бөлімінің маманы Нурлыбек Конуспаев қатысушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма мен кемсітуге жол бермеуге ерекше назар аударды.
Дәріскердің айтуынша, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушіліксіз қоғам алдын алу бағдарламалардың тиімділігін арттыруға, көбірек адамдар өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге және вируспен өмір сүретіндер бұл туралы ашық айтуға ықпал етеді.