2022 жылдың 15 қыркүйегінде Көкшетау қаласының "Панацея" студенттік емханасында жастарды жедел тестілеу бойынша акция өтті.
Ақмола облыстық ЖИТС орталығының медицина қызметкерлерінің десанты емхана кабинеттерінің бірінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жедел тестілеу және кеңес беру пунктін ашты.
Айта кетейік, Жастар іс-шараға қызығушылықпен қатысты, өйткені өз АИТВ мәртебесін 20 минут ішінде сол жерде білуге және орталықтың медицина қызметкерлерінен жұқтыру қаупі факторлары және алдын алу, серологиялық кезең, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу, АИТВ-инфекциясымен байланысты басқа да мәселелер туралы кеңес алуға болады.
Сенім пунктінің медбикесі Айзада Муканованың айтуынша, АИТВ-ға жедел тестілеу кезінде адамның капиллярлық қаны бойынша р24 антигені мен АИТВ-ға антиденелерді бір мезгілде сапалы анықтауға арналған Төртінші буын тест-жүйелері пайдаланылады, бұл тіпті "серонегативті" кезеңінде де вирусты ертерек анықтауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, "серонегативті " немесе серологиялық кезең - бұл инфекция сәтінен бастап қанда АИТВ-ға қарсы антиденелер пайда болғанға дейінгі уақыт, ол 2 аптадан 3 айға дейін созылуы мүмкін.