2022 жылғы 31 тамызда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде облыстың медициналық ұйымдарының С вирустық гепатитін емдеудегі сабақтастығы мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті.
Бұл іс-шараға алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) басшыларының орынбасарлары, облыстың медициналық ұйымдарының сенімді дәрігерлері мен АИТВ бойынша жауапты мамандары қатысты.
Онлайн кездесуді орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Сауле Жаканова ашып, ал спикер ретінде емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Сандугаш Бурмаганова сөз сөйледі. Ол қатысушыларға АИТВ және С вирустық гепатиті (СВГ) бар пациенттерді емханалар деңгейінде жүргізу туралы айтып, сондай-ақ медициналық ұйымдарға жүгінген кезде СВГ бар пациенттердің қозғалыс алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Семинар-кеңес соңында өзекті мәселелері талқыланып, хаттама жасалынды, бұл хаттама Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына ұсынылады.