13 мамыр 2016 жылы Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне Ақмола ЖИТС ОО Ресурстік жастар орталығымен бірге Көкшетау қаласында колледждер мен мектептер оқушылары үшін көрсетпелі пікірталас ойынын өткізді.
Пікірталас ойынының тақырыбы «Батқандардың құтқарымы - батқандардың өз қолында» болып, екі команданың спикерлері біздің республикада тұрғындар және АИТВ-жұқтырғандар үшін жасалатын АИТВ-инфекция бойынша алдын алу бағдарламалардың тиімділігін талдады. Команданың біреуі тұрғындар үшін жасалатын алдын алу және білімдендіру бағдарламаларынан бас тартуды, басымды бағдарлама ретінде АИТВ-жұқтырғандарды емдеуді, АРВ-препараттар қабылдайтындар санын көбейтуді ұсынса, екіншісі тұрғындардың барлық топтары ішінде алдын алу және ескерту бағдарламаларын күшейтуді, соның арқасында АИТВ-инфекцияның таралуын азайтуды алға тартты. Дауыс беру арқылы тыңдаушылар екінші команданы таңдап алды.
Барлық қатысушыларға АИТВ-инфекцияның алдын алу бойынша бүктемелер таратылды. Сондай-ақ барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өте алды, барлығы 16 адам зерттелді.