2022 жылғы 19 шілдеде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары маймыл шешегі кезінде клиника, диагностика және эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Орталықтың эпидемиолог дәрігері- Гульмира Сиражидинова, аурудың этиологиясы, эпидемиологиясы және алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы ақпарат берді.
Бұдан әрі емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі- Сандугаш Бурмаганова, маймыл шешегінің клиникалық көріністері, дифференциалды диагностикасы және емдеу әдістері туралы айтып берді.
Семинарға дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер, соның ішінде емдеу-алдын алу бөлімінің, достық кабинетінің және сенім пунктінің қызметкерлері, сондай-ақ орталықтың эпидемиологтары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, вирустық аурудың жаңа өршуі - маймыл шешегі - 75 елде байқалады. Бүгінгі таңда әлемде 12000-нан астам расталған жағдай тіркелген.
ДДСҰ мәліметтері бойынша вирус адамға кеміргіштері мен приматтары сияқты жабайы жануарлардан беріледі, ал оның адамнан адамға екінші рет таралуы жақын физикалық байланыс арқылы жүреді.