Қазіргі заманғы әлем бір орында тұрмайды және өте серпінді дамуда, сол сияқты денсаулық сақтау жөнінде, оның ішінде АИТВ саласындағы әзірлемелер туралы да айтуға болады. Антиретровирустық терапияның жаңа схемалары АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмірін жақсарту үшін вакцинаны әзірлеу белсенді жүргізілуде, алдын-алу мен диагностикалаудың жаңа тәсілдері қолданылуда.
Осыған байланысты облыстың әрбір медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістері мен тәсілдері туралы хабардар болуы өте маңызды.
Осылайша, 2022 жылғы маусымның алтысы мен сегізі аралығында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі-С.Ашимова, эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі- Б.Бапенова және емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі- С.Бурмаганова Астрахан және Атбасар аудандарына барып, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша медицина қызметкерлерімен ақпараттық кездесулер өткізді, ал сондай-ақ, мәселе сұрақтарын талқылап, оларды шешу жолдарын жергілікті медициналық ұйымдардың басшыларымен белгіледі.
Сонымен АИТВ жағдайлары Ақмола облысының барлық аудандарында тіркелген, қорғалмаған жыныстық қатынас берілудің негізгі жолы болып табылады, сондықтан кез-келген жыныстық қатынаста мүшеқапты пайдалану, тұрақты жыныстық серіктес болу және қарым-қатынас пен некеде адал болу маңызды екендігін естеріңізге саламыз.