2022 жылғы 4-5 маусым аралығында Щучинск қаласында Жақсы спорт кешенінің базасында Ақмола облысының медицина қызметкерлерінің ІІІ спартакиадасы өтті.
Онда 25-тен астам ұйым, мынадай: футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, дартс сияқты спорт түрлері бойынша қатысып, жарысты.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының медицина қызметкерлері спорттық жарыстарға белсенді қатысты. Орталықтың бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов пен кәсіподақ комитетінің төрайымы Асель Балтабаева дартстағы әріптестерімен жарысты, АРБЖ маманы Айнагуль Бейсова мен жүргізуші Рустам Кусаинов шахмат турниріне қатысты, ал зертханашы Замзагуль Темешова үстел теннисі ойындарында біздің ұйымымыздың атынан қатысты.
Өкінішке орай, біздің спортшылар жүлделі орындарға ие бола алмады, бірақ олардың барлығы жақсы көңіл-күймен оралды, өйткені мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіреді және басқа ұйымдардың әріптестерімен бейресми жағдайда сөйлесуге мүмкіндік береді.
Спартакиадаға қатысқаны үшін орталықтың медицина қызметкерлері мен мамандарына алғыс айтамыз. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби өсу және сіз орындап жатқан, облыс тұрғындарының денсаулығын қорғау бойынша қоғамға қажетті осындай маңызды жұмыстан қанағат тілейміз.