«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : КСРО-да АИТВ-ның қалай пайда болғаны көркем сериалда түсірілген

24.05.2022

 

2022 жылдың 19 мамырында "Кинопоиск" платформасында Кеңес Одағында АИТВ-ның алғашқы ірі індеті туралы баяндайтын нақты оқиғаларға негізделген "Нөлдік пациент" сериалы жарық көрді. Сериалда апта сайын қызметте шығатын жеті сериясы бар екен.

Сюжеттің негізіне 1988 жылы Элиста қаласының (Калмыцкая АКСР) балалар ауруханасында болған 75 бала мен бірнеше ересек адам АИТВ жұқтырған оқиғасы кірген.

Тизердің айтуынша, балалар ауруханасының жас дәрігері Кирсан Аюшеев бірнеше науқастарында АИТВ бар деп күдіктенеді. Аға әріптестері бұл мүмкін деп сенбей, сондықтан Кирсан жасырын түрде Мәскеуге сынақ жібереді. Талдаулары оның дұрыстығын растаған кезде, КСРО - да аз танымал "экзотикалық" аурудың маманы ғалым Дмитрий Гончаров іске қосылады. Енді ондаған балалар мен бірнеше ересектердің тағдыры, мүмкін, бүкіл ел - елордалық эпидемиолог пен провинциялық педиатрдың әрекеттеріне байланысты болады.

Сериалдағы басты рөлдердің бірін қазақстандық актер Асқар Ілиясов жас дәрігер Кирсан Аюшевты сомдайды.

Ақмола облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу саласында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері қоғамда үлкен қызығушылық тудырған осы сериалдың өзектілігін атап өтті. Бұл экранизация қоғамның назарын АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мәселелерін аударады деп үміттенеміз, орталықтың алдын алу жұмысы  бөлімінің меңгерушісі Зоя Хван осылай өз пікірімен бөлісті.

Сонымен, 2022 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысында АИТВ-ның оң мәртебесімен 947 адам өмір сүреді, оның 842-сі антиретровирустық терапия алады немесе 89 %. Айта кету керек, осы жылдың төрт айында облыста АИТВ-ның оң мәртебесі бар 38 адам анықталды, вирусты жұқтыру көп жағдайда жыныстық жолмен болған екен.