«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысының медициналық ұйымдарының қызметкерлерін "LIS K-LAB" бағдарламасы оқытылды

03.05.2022

 

2022 жылғы 26-29 сәуір аралығында облыстың медициналық ұйымдарының қызметкерлерін Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының ұйымдастыруымен "LIS K-LAB" зертханалық ақпараттық жүйе бағдарламасы оқытылды.

Оқытуды "Medi TEC-NS" ЖШС техникалық маманы Юлия Бородавкина жүргізді, ол ақпараттық жүйенің функционалы, оны пайдаланудың артықшылықтары мен қолайлылығы туралы айтып берді, сондай-ақ іс жүзінде бағыттарды қалай дұрыс толтыру және жіберу керектігін көрсетті.

Бұл бағдарламаның артықшылықтарына ыңғайлы және түсінікті интерфейс, бағыттарды автоматты түрде толтыру және бағдарламаны басқа ақпараттық жүйелермен синхрондау жатады, деп атап өтті Ақмола облыстық ЖИТС орталығының IT-маманы Ирина Литюшкина.

Төрт күннің ішінде бағдарламада жұмыс істеу үшін есептік жазбалар берілген 100-ге жуық адам оқытылды.