«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Қ. Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығында АИТВ туралы

22.04.2022

2022 жылғы 21 сәуірде Қ.Құрманбаев Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары медицина қызметкерлерімен "АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері" атты оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер қатысты. Оқытуды фтизиопульманология бас дәрігерінің орынбасары Сауле Солтанбекова ашып, спикерлерді таныстырып, баяндамалардың тақырыптарын айтты.
Алдын алу жұмысы бөлімінің эпидемиолог дәрігері Балгын Сарбасова, медициналық ұйымда АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша, белгіленген нормативтік-құқықтық құжаттардың орындалуына жүргізілген талдаумен бөлісті.
Эпидемиологиялық бөлімнің дәрігері Жұлдыз Қалымбек, АИТВ-ны кәсіптік жұқтыру қаупінің алдын алу туралы айтып, ал зертхана меңгерушісі Гульнар Шешмуканова, зертханалық зерттеулердің преаналитикалық кезеңі және АИТВ-ға жедел тестілеуді өткізу әдістемесі бойынша, төртінші буын тест-жүйелерімен сөз сөйледі.
Медицина қызметкерлері оқуға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, мамандардан кері байланыс ала отырып, сондай-ақ АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша білім деңгейіне тестілеуден өтті.