2022 жылғы 13 сәуірде облыстық психикалық денсаулық орталығында есірткіге және алкогольге тәуелділіктен емделіп жатқан пациенттермен интерактивті дәріс өтті.
Кездесу барысында жаттықтырушы қатысушылар арасында белгілі бір мифтер мен қорқыныштар бар екенін көрсеткен, АИТВ-ның берілу жолдары бойынша ситуациялық міндеттерді ұсынды, бірақ бірлескен талқылау мен спикердің ұсынған ақпаратының арқасында олар жойылды.
Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигмалау және кемсітушілік мәселелері қозғалып, сондай-ақ тыңдаушыларға Ақмола облысындағы зиянды азайту бағдарламасының жұмысы туралы ақпараттар ұсынылды.
Соңында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің маманы- Нурлыбек Конуспаев қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.