2022 жылдың он бірінші сәуірінде Көкшетау қаласының полиция басқармасында облыс орталығының құқық тәртібі қызметкерлерімен АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің маманы - Нурлыбек Конуспаев, тыңдаушыларға АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқтады.
Сонымен қатар, спикер полицейлерді зиянды азайту бағдарламасының жұмысы, оның миссиясы мен қағидаттары туралы хабардар етті.
Кездесудің маңызды нәтижесі АИТВ-инфекциясы - бұл мінез-құлық ауруы, ол көбінесе қауіпті мінез-құлық факторларына байланысты болады, сондықтан қорғалған жыныстық қатынас, есірткіні пайдаланбау, медициналық және косметикалық процедуралар кезінде стерильді құралдар сияқты қарапайым алдын-алу шараларын сақтау инфекцияны болдырмауға көмектеседі.