«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысының медицина қызметкерлерімен облыстық семинары

01.04.2022

2022 жылдың 29 және 30 наурызында Ақмола облысының аудандық және қалалық медициналық ұйымдарымен (МҰ) онлайн режимінде семинар өтті.

Іс-шараға қатысушылар- МҰ басшыларының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, АИТВ бойынша жауапты дәрігерлері, госпитальдық эпидемиологтары, емшара кабинеттерінің аға медбикелері мен медбикелері.

Кездесудің спикерлері Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының бөлім меңгерушілері болды.

Бірінші болып орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі - Батеш Бапенова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6  "ҚР ДСМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен таныстырып, сөз сөйледі.

Емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі - Сандугаш Бурмаганова медициналық оқуды жалғастырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда антиретровирустық препараттармен емдеудің тиімділігін диспансерлеу және бақылау туралы айтты.

Семинарды орталық зертханасының меңгерушісі - Гульнар Шешемуканова, биоматериалды алу, сақтау, тасымалдау және АИТВ-инфекциясына жедел диагностика талаптары туралы ақпаратпен бөлісе отырып, аяқтады.

Кездесу соңында спикерлер медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.