2022 жылғы 30 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ақмола облысының педагогикалық қоғамдастығы арасында ZOOM платформасында жыныстық тиіспеушілік бойынша семинар өтті.
Қатысушылар-білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері.
Іс-шара басында модератор, оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері- Инара Ермұханова, қатысушыларға семинар мақсатын айтып, спикерлерді таныстырды.
Бірінші лектор, білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы- Жадыра Дилдабаева, Ақмола облысында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігін бұзу жағдайларының өсуіне аудиторияның назарын аударды.
Ақмола ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің маманы- Нурлыбек Конуспаев білім беру жүйесіндегі АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша эпидемиологиялық жағдай мен ұсыныстармен бөлісті.
Одан әрі кездесуді Көкшетау қаласының С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Ұлбала Кенжетаева, қыздарды тәрбиелеудегі құндылықтары бойынша материалдарды ұсынып жалғастырды.
Көкшетау қаласы №11 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Анна Баумгертнер ата-аналар мен педагогтардың назарын талап ететін балаға жыныстық тиіспеушілік және ықтимал жыныстық зорлық-зомбылық туралы куәландыратын белгілер бойынша қызықты презентация көрсетіп айтты.
Кездесу соңында семинардың қорытындысы шығарылды.