2022 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласында "Кемсітушілікті болдырмау" күні аясында акция өтті. Акция барысында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің мамандары көрнекі материалдарды тарата отырып, қала тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ал орталықтың базары мен әмбебап дүкен аудандарында АИТВ-инфекциясының бар-жоғына жедел әдіспен құпия тексеру бойынша пункт ашылды, онда кез келген адам бірнеше минут ішінде өзінің АИТВ-мәртебесін біле алды.
Іс - шараға 50-ден астам көкшетаулықтар қатысты, олардың 12-сі тестілеуден өтті.