2022 жылғы 15 ақпанда онлайн режимде Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын аудандары мектептерінің педагогтарымен білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері бойынша екінші аймақтық семинар өтті.
Бұл ақпараттық кездесулерді облыстық білім басқармасының қолдауымен Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы ұйымдастырды.
Семинар дәріскері, алдын алу жұмысы бөлімінің маманы Н.Конуспаев тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы базалық ақпаратты айтып, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайды ұсынды, аудиторияның назарын стигма мен кемсітудің АИТВ-инфекциясының алдын алуға қалай теріс әсер ететініне аударды.
Қатысушылар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен психологтар АИТВ-инфекциясына қатысты стигма мен кемсітудің салдарын талқылай отырып, мұндай құбылыстар профилактикалық бағдарламалардың тиімділігіне және осы ауруға қатысты стереотиптерге байланысты жыныстық серіктеске мәртебені ашудағы қиындықтарға, сондай-ақ адамдардың тестілеуден өтудегі қорқынышына теріс әсер етеді деген ортақ қорытындыға келді.
Онлайн кездесу білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша оқушылар мен ата-аналармен ақпараттық кездесулер өткізу, оқу орындарының холлында әлеуметтік бейнероликтер көрсету (экрандар болған жағдайда), мектептердің әлеуметтік желілерін жандандыру болып табылатын АИТВ-ның алдын алу бағыттарын талқылаумен аяқталды.