2022 жылдың тоғызыншы ақпанында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы мамандарының Көкшетау қаласындағы № 5510 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздарымен "АИТВ-инфекциясы" тақырыбында кездесуі өтті.
ЖИТС ОО алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- З.Хван, Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдары мен диагностикасын және де алдын алуы мен антиретровирустық терапиясы туралы презентациясын ұсынып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды шеттету, кемсіту мәселелерін қозғады.
Материалды бекіту үшін бейнеролик көрсетіліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Кездесу қызықты өтіп, бірнеше сұрақтар қойылды, аудитория АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.
Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.