2021 жылғы 8 желтоқсанда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны шеңберінде өткізілген Облыстың білім беру ұйымдары арасындағы үздік ашық сабақ және Instagram әлеуметтік желісіндегі "АИТВ туралы 3 факт" үздік сторис байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері- Курманбек Бурмагановтың құттықтау сөзінен кейін, барлық марапатталушыларға алғысын білдіріп, оқу орындары педагогтарының елеулі үлесін және өсіп келе жатқан ұрпаққа жауапты мінез-құлық пен адамгершілік-жыныстық тәрбие қалыптастырудағы әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстардың рөлін ерекше атап өтіп, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, үздік ашық сабаққа Ирина Яськова (Атбасар қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебі), екінші орынды Ардақ Аменкина (Аршалы кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі), үшінші орынды Айбарша Қарағызова (Біржан сал ауданы Ақсу ауылының негізгі мектебі) иеленді. Үздік сторис байқауының жеңімпаздары- Макинск қаласының мектеп-гимназиясының қатысушылары болды, екінші орынды- Роман Калюжный, үшінші орынды- Виолетта Зимон иеленді. Айта кетейік, сайысқа белсенді қатысқан педагогтар байқаусыз қалмайды - олар қатысқандары үшін мақтау грамоталарымен марапатталады.
Іс-шара соңында, қонақтар ұйымдастырушыларға өздерінің шығармашылық әлеуетін, азаматтық ұстанымын көрсетуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерінде адамдардың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ қоғамның АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көзқарасын қалыптастыруға өз үлестерін қосуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.