2021 жылғы 19 қарашада Ақмола ЖИТС ОО мамандар бригадасы ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Сандықтау ауданы Шантөбе ауылының дәрігерлік амбулаториясына (ДА) барды.
Сапар барысында осы ДА-да АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуымен танысты. Осы өңірде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлеу нәтижелері, сондай-ақ халықты, әсіресе халықтың негізгі топтары өкілдерінің ішінен АИТВ-ны анықтауға тексерумен қамтуды ұйымдастыру мәселелері талданды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге АИТВ және ЖИТС бойынша жаңа бұйрықтардың талаптарын түсіндіре отырып семинар өткізілді. Халыққа ыңғайлы болу мақсатында жергілікті жерлерде зертханаға жіберу үшін биоматериалды алуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Семинар соңында медицина қызметкерлерінің АИТВ - инфекциясы бойынша білімдерін тестілеу өткізілді.