2021 жылдың 13 қазан ЖИТС ОО мамандары құрамындағы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі- С.Ашимова, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі- С.Бурмаганова, эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі- Б.Бапенова, Аршалы аудандық ауруханасының Әкімшілігімен кеңес және медицина қызметкерлерімен оқыту семинарын өткізді.
Кездесу барысында ауданда АИТВ-инфекциясының алдын алу, анықтау және емдеу мәселелері талқыланып, жаңа нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер берілді.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды диспансерлеу үздіксіз емдеуде түзетумен жүргізілді.
Аудан тұрғындары мен негізгі топтарды АИТВ-ға тестілеумен қамтуды ұлғайту мақсатында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген бұйрықтарына сәйкес міндетті тексерілуге баса назар аударылды.
ҰӘБ меңгерушісі- С. Ашимова