2021 жылдың тоғызыншы қыркүйегінде Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Көкшетауда еңбек жастары арасында АИТВ бойынша еріктіліктің алғашқы Онлайн-академиясының ашылуына арналған брифинг өтті.
Бұл жобаны "Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды оңалту мен бейімдеудің әлеуметтік-психологиялық орталығы" ҚҚ АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын "Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар" бағдарламасы бойынша Еуразия Қорының қолдауымен іске асырады.
Қор басшысы Нурлубек Конуспаевтың айтуынша, жобаға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарын қамтитын Солтүстік Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істейтін жастар қатыса алады.
Онлайн-академияға іріктеудің негізгі критерийлері: өтінім беру кезінде 18 жастан 30 жасқа дейін болу, сондай-ақ 50-ден астам адам еңбек ететін ұйымның немесе кәсіпорынның қызметкері болу.
Онлайн еріктілік академиясына қатысу үшін, жұмыс берушіден ұсыныс хатымен өтінім жіберу керек, 2021 жылдың 10 қазанына дейін мотивациялық бейне өтініш жазу керек (2 минуттан аспайды) онда YouTub-те бейнені орналастыру және өтінімге сілтеме қосу арқылы өтінім беру себептері мен алынған білімді пайдалану жоспарлары туралы айту керек.
"Health Education" еріктілік онлайн-академиясының бағдарламасы аяқталғаннан кейін және еріктілердің өз жұмыс орындарында оқыту ақпараттық кездесулерін өткізгеннен кейін, барлық қатысушылар оқудан өткені туралы сертификаттарға ие болады.
Ал онлайн-академияның үздік еріктілері ақшалай сыйлықтар алады: гран-при - 200 000 теңге, бірінші орын - 100 000 теңге, екінші орын - 50 000 теңге, үшінші орын - 30 000 теңге.
Толығырақ ақпаратты Сіз, қордың мына: @7162spc.kz.Instagram-дағы ресми парақшасынан біле аласыз.