17 ақпан 2016 жылы «Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы» ММ-де медкеңес өткізіліп, онда 2015 жылы атқарған жұмыс қорытындысы қаралып, оған білім, ішкі істер, қылмыстық-атқару ұйымдары, әкімдіктердің ішкі саясат, мәдениет бөлімдері және басқа ведомстволар белсенді қатысты. Ақпараттық жұмыспен халықты кеңінен қамту үшін тұрғындардың ең көп шоғырланған жерлерінде кең ауқымды акциялар өткізілді. Бұл істер Ақмола облысында АИТВ-инфекцияның таралуын орта деңгейде тұрақты ұстап тұруға ықпалын тигізуде.
Сонымен қатар, бүкіл әлемде және Қазақстан Республикасында, Ақмола облысында жыл сайын АИТВ-инфекцияның өсуі байқалады, оның ішінде жыныстық қатынас арқылы, бұл үдеріске әйелдер мейлінше көбірек тартылуда, демек бұл мәселе әлеуметтік екенін және реттеуге икемсіздігін тағы да көрсетіп тұр.
Алдын алу іс-шараларын өткізу үшін ел Үкіметі, облыс әкімдігі барынша мүмкіндік тудыруда: тұрғындар арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру үшін жеткілікті қаржы бөлінуде, дегенмен оң нәтижеге қол жеткізу және бұл инфекцияны тоқтату үшін бүкіл қоғамның бірлескен жұмысы қажет.