14 мамыр 2015 жылы Көкшетау қ. «РИО» ССО-да облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған жастар акциясын өткізді. Акцияға қаланың жалпы білім беру мектептері, колледждер оқушылары, ЖОО студенттері қатысты.
Жүргізушілер естелік күнінің пайда болуы, Еске алу күнінің дәстүрлері, міндеттері, АИТВ-инфекцияның жұғу жолдары, қорғану және алдын алу ережелері туралы айтып берді. Қазақ отбасының дәстүрлерін сақтау туралы әндер айтылды, күйлер ойналды.
Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы Біржан-сал атындағы музыкалық колледжге, Ж.Мусин атындағы педколледжге, жоғары техникалық мектепке жастар акциясын ұйымдастыруға жасаған көмегі үшін Марапатнамалар тапсырды. Акцияның барлық қатысушыларына орталық бағалы сыйлықтар тапсырды.
Алғыс хаттар «Орталық базар» АҚ президенті Игнатьев Ю. және Көкшетау медициналық колледждің директоры С. Мұратбековаға тапсырылды.
Акция барысында 600 дана 4 бүктемелер түрлері және 1008 дана жынысқаптар таратылды.