2021 жылғы 22 маусымда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында қалалық және облыстық БАҚ журналистерімен қоғамдастықтарда АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған баспасөз туры өтті.
Іс-шараның арқасында БАҚ өкілдері қызмет алушының сенім пунктінен (СП) Достық кабинетке (ДК) дейінгі жолынан өтіп, мамандармен танысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.
Орталықтың баспасөз хатшысы Нурлыбек Конуспаев өз сөзінде атап өткендей, 1999 жылдан бастап Ақмола облысында АИТВ жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған "Зиянды азайту" бағдарламасы жұмыс істейді. Негізгі клиенттер-вирусты жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтары: инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, ер адамдармен жыныстық қатынас жасайтын ер адамдар сияқты тұлғалар. Бағдарлама СП және ДК арқылы жұмыс істейді, онда клиенттер мамандардан ақпарат және АИТВ-инфекциясын, вирустық гепатиттерді, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) жұқтыру қаупі туралы ақпараттық материал арқылы ақпараттар алып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйренеді, АИТВ-ға тексеруден өтіп, пайдаланылған шприцтерді стерильді шприцтерге айырбастап (одан әрі кәдеге жарата отырып), мүшеқаптар, лубриканттар ала алады және қажет болған жағдайда Достық кабинетіндегі психолог, дерматовенеролог және гинеколог өз кеңестерін береді, сондай-ақ ЖЖБИ-ге тексеріліп, ем ала алады. Барлық қызметтер жасырын, құпия және ақысыз негізде көрсетілетінін білу маңызды.
Айта кетсек, біздің облыста осындай үш пункт бар - Көкшетау, Степногорск және Щучинск қалаларында, сондай-ақ ЖИТС орталығы жанындағы бір ДК. Стационарлық СП-дан басқа облыс орталығы бойынша жылжымалы пункт жұмыс істейді, онда стационарлық пункт сияқты қызметтерді алуға болады.
2021 жылдың 5 айында СП алдын алу қызметтеріне 1123 клиент жүгінді, олар тегін стерильді шприцтер, мүшеқаптар, лубриканттар, ақпараттық материалдар алып, АИТВ-ға тексеруден өтті.
Бұдан басқа, орталықтың қонақтары зертхананың жұмысымен танысты, әсіресе оларды ПТР (полимеразды тізбекті реакция) бөлімшесі қызықтырды, соның арқасында АИТВ-ға вирустық жүктеменің нәтижелерін енді Алматы қаласында орналасқан республикалық орталыққа жіберудің қажеті жоқ, талдау өзіміздің орталықта жасалынады.
Баспасөз турының соңында орталықтың бас дәрігері Курманбек Бурмаганов, байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында, БАҚ өкілдеріне Ақмола өңірінде АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жария етуде зор ризашылығын және алғысын білдірді.
Орталықтың атынан «Кокшетау сегодня» газетінің және «716.kz» ақпараттық порталының бас редакторлары Олеся Жагпароваға және Айя Калягинаға, Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Арайлым Касымжановаға, "Степной маяк" газетінің тілшісі Наталья Яковлеваға және журналист Шингизхан Ташеновке алғыс хаттар табыс етті.
Сондай-ақ, "Бұқпа" газетінің бас редакторы Бақыт Смағұл, "Көкшетау Азия" ақпараттық агенттігінің командасы және Орталық ардагері Шаймурат Тнымбаев алғыс хаттармен марапатталды.