«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасындағы онлайн-семинар

21.05.2021

 

2021 жылғы 19 мамырда Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасында (КОА) медицина қызметкерлерімен "АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері" бойынша онлайн -семинар өткізілді.

Бұл семинарда Ақмола облыстық  ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығының мамандары спикер болды.

Эпидемиологиялық бөлімнің эпидемиолог дәрігері- Гульмира Сиражиденова,  АИТВ инфекциясы мен медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыруының алдын алу мәселелері бойынша қолданыстағы бұйрықтар жөнінде кеңес берді.

Емдеу-алдын алу бөлімінің инфекционист-дәрігері Гульбаршин Жаксалыкова әріптестерімен АИТВ-ның перинаталдық жолмен берілуінің алдын алу (яғни анадан балаға) бойынша өзекті ақпаратпен бөлісті.

Зертхана меңгерушісі- Гульнар Шешмуканова, өз презентациясында медицина қызметкерлерінің назарын АИТВ инфекциясын зерттеу үшін биоматериалды алу, сақтау және тасымалдау қағидаларына, сондай-ақ халықты АИТВ-ға тексеру тіркелімінің (ХОТ) ақпараттық жүйесін жұмысқа белсенді тарту қажеттілігіне аударды.

Алдын алу жұмысы бөлімінің эпидемиолог дәрігері-  Балгын Сарбасова,  КОА-ға бұрын жүргізілген мониторингтік сапардың қорытындысын шығарып, АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстар берді.

Осы іс-шараға аурухананың 100-ден астам медицина қызметкерлері қатысты.