«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысында Үздік ерікті таңдалды

19.05.2021

 

Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша Ақмола облысының үздік еріктісіне арналған бірінші облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды.

2021 жылғы 18 мамырда Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері- Курманбек Бурмаганов байқау жеңімпазы мен жүлдегерлеріне дипломдар мен онлайн оқытуға қатысқаны туралы сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Ақмола облысындағы АИТВ жөніндегі жеңімпаз және Үздік ерікті деп, Біржан Сал атындағы музыкалық колледждің студенті Назмина Сулейменова танылды.

I дәрежелі дипломмен Асар Аскербеков ("Арна" Көкшетау колледжі), II дәрежелі дипломмен Ербол Амантаев (гуманитарлық-техникалық академия) және III дәрежелі дипломмен Егіндікөл ауылындағы агротехникалық колледжінен Галина Маер марапатталды.

Дипломдар мен онлайн оқудан өткені туралы сертификаттардан басқа байқау жеңімпазы 50 000 теңге, ал бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталғандар 15 000, 10 000 және 5 000 теңге алады.

Өз сөзінде орталықтың бас дәрігері байқау жеңімпазы мен жүлдегерлерін лайықты марапаттарымен құттықтады, ал барлық қатысушыларға Ақмола облысының жастары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алуға белсенді қатысқаны және қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың дүниежүзілік күні қарсаңында бірнеше кезеңнен тұрды, оған облыстың оқу орындарының студенттері арасында ішкі іріктеу кезеңдері, қатысушыларды АИТВ-инфекциясы мәселелері және денсаулықты қорғау бойынша аудиториямен жұмыс негіздері бойынша тестілеу және онлайн-оқыту, сондай-ақ қатысушылардың Instagram желісінде жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша тікелей эфирлер өткізу кірді.