2021 жылғы 1 сәуірде "Бурабай" колледжінде студенттермен АИТВ-инфекциясы бойынша дәріс өтті.
Кездесудің басты қатысушылары, бірінші курс студенттері жастар үшін маңызды және қажетті мәселелерді: жыныстық түсіндіру, контрацепция, синтетикалық есірткі сияқты мәселелерді қызығушылықпен тыңдап, талқылауға қатысты.
Әрине, олар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын-алу шаралары туралы ақпаратты айналып өтпеді. Ашық диалог форматы мен аудиторияның белсенділігі балаларға АИТВ туралы әрбір адам білуі тиіс, негізгі аспектілерді барынша тиімді жеткізуге мүмкіндік берді.
Кездесу соңында, Ақмола ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Нурлыбек Конуспаев балаларға алған білімдерін пайдалануға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тілек білдірді.