2021 жылдың 30 наурызында "Арна" колледжінде Көкшетау қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жастарды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу" және "Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу" тақырыптарында бірінші курс қыздарымен кездесу өтті. Спикерлер ретінде Жастар орталығының психологы А.Альжанова және Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі- З. Хван сөз сөйледі.
Диалогтық форматта өткен кездесуде ерте жыныстық қатынастар, ерте түсік түсіру қаупі, контрацепция әдістері, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелері талқыланып, АИТВ-инфекциясына толығырақ тоқталды.