12 ақпан 2016 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хван З.А. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалында ірі және орта бизнес, өнеркәсіптік кәсіпорындар басшыларымен «Елдің бәсекелікке қабылеттілігінің жаһандық индексі. Бизнеске АИТВ-инфекцияның әсері» тақырыбына семинар өткізіп, оған 12 адам қатысты.
Хван З.А. басшыларға бәсекелікке қабылеттілігінің жаһандық индексі (ҚЖИ) қалай қалыптасатынын, бағаланатынын түсіндірді, Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын ұлттық экономикалардың рейтингін өткізеді және ҚЖИ туралы есеп құрайды, онда «денсаулық» деген бөлім бар: статистикалық мәліметтер нәтижелері бойынша қандай көрсеткіштер есептеледі, ал қайсысы орта және ірі кәсіпорындар басшыларымен жасырын жасалған сауалнама нәтижесі бойынша есептеледі. Сондай-ақ «Қазақстан АИТВ-инфекциясыз!» жаднамаға назар аударды, ҚР және Ақмола облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай жөнінде, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы мағлұмат берді.
Басшылар «Қазақстан АИТВ-инфекциясыз!» жаднама толтырды-«7» цифраны сызып тастады, яғни АИТВ-инфекция бизнеске ешқандай кері әсер етпейді. Жұғу жолдарын білуге социологиялық сауалнама өткізілді, ақпараттану 96% құрады. Соңында ақпараттану-білімдендіру материалы таратылды.