Сізді, жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды коронавирустық инфекциядан қорғайтын маңызды ережелер туралы ұмытпаңыз:
- қолыңызды мұқият және үнемі жуыңыз,
- антисептикті қолданыңыз,
- бір рет қолданылатын бетперделер киіңіз.
Мерекелік үстелге азық-түлік немесе жақындарыңызға сыйлық алу үшін жүрген кезде әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз. Демалыс күндері біз әсіресе сақ болуға және көптеген адамдармен байланысқа түспеуге кеңес береміз.