2020 жылдың 1-ші және 2-ші желтоқсанында Көкшетау, Щучинск қалаларында, Ақмола облысының Зеренді ауылында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған халық арасында акциялар өтті. Бастамашы "Данко" еріктілер тобы және оның мүшелері сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық орындарда халық арасында парақшалар, бүктемелер, плакаттар таратып, АИТВ-инфекциясы туралы қарапайым сөздермен, түсінікті түрде айтты.
Акцияларға қатысқан және пиар үшін емес, шын жүректен жасаған топ әкімшілері - Никитина Ольга, Грачева Ксения, Бархатова Татьяна, ерікті- Есенгулов Багдат, жүргізуші- Павлихин Александрды атап өтіп, алғыс айтқым келеді.