«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Қауіпсіздік әр адамға байланысты: Көкшетауда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған баспасөз конференциясы өтті

11.11.2020

 

2020 жылдың он бірінші қарашасында Өңірлік коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына арналған "Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Онда журналистердің алдында Ақмола облыстық ЖИТС-пен  күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов пен орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Зоя Хван хабарлама жасады.

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі, бүкіл әлем  АИТВ-мен өмір сүретін немесе одан зардап шеккен адамдарға қолдау білдіру және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігеді, - деп атап өтті Қ. Бұрмағанов. Ал 2020 жылы бүкіл әлемнің назары CОVID-19 пандемиясына және оның адамдардың өмірі  мен әл-ауқатынның әсеріне байланысты болды. Бұл пандемия  денсаулық мәселесі теңсіздікке қарсы күрес, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды мәселелермен қаншалықты тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. Сондықтан биыл Қазақстанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы  "Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік" болды.

Қазақстанда біздің облыс АИТВ-инфекциясы бойынша аурушаңдықтың орташа деңгейі бар өңірге жатады, жалпы облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда, - деп атап өтті өз сөзінде З. Хван. Өңірде АИТВ - ның 90 жағдайы тіркелген, оның ішінде ҚР азаматтары - 89 (2019 жылдың 9 айында-117 жағдай), 28 жағдайға төмендеу байқалады.

9 айда анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша Көкшетау, Степногорск, Бурабай және Атбасар аудандары көш бастап тұр.

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты республикада ЖИТС - ке қарсы дәстүрлі күрес айлығын өткізу мерзімі қысқартылды, - дейді З.Хван. Бірақ бұл біздің белсенділігімізді төмендеткенімізді білдірмейді, әлеуметтік желілердің көмегімен барлық іс-шараларды онлайн режимге көшірдік. Біз БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында тақырыптық конкурстар жарияладық, олардың нәтижелері 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне дейін қорытындыланады.