9 ақпан 2016 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Хван З.А. медициналық колледждің 4 курс студенттерімен кездесу өткізіп, оған 25 адам қатысты. АИТВ-инфекцияның жұғу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы айтылып, ҚР және Ақмола облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай жөнінде мағлұмат берілді. Кездесу пікір алмасу түрінде өтіп, аудитория сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды.
Студенттермен ақпараттандыру-білімдендіру жұмысына дейін және одан соң сауалнама өткізіліп, ақпараттану деңгейі кездесуге дейін 77% құраса, кездесуден кейін 88% құрады. Кездесу соңында ақпараттандыру-білімдендіру материалы таратылды.